Жұма, 29 наурыз, 02:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: Covid-19-дың жаңа толқыны пайда болуы мүмкін

10.01.2023

652 0

Елде соңғы аптада коронавируспен ауыратындардың саны артты. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бір тәулікте аурудың 211 жаңа жағдайы тіркелген, – деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-дың жаңа толқыны пайда болуы мүмкін деп мәлімдеді.
ДДҰ Omicron XBB.1.5 коронавирус штаммы аурудың жаңа толқынын тудыруы мүмкін деді. Бұл вирус 29 елде табылған. Мысалы, АҚШ пен Сингапурда аурудың 40% – ы «Омикронның» кесірінен туындайды.

“Бұл вирус түрі тез жұғады. Оның репродуктивті индексі өте жоғары, бір адам 5-10 адамға жұқтыруы мүмкін. Бірақ адамдар аса қатты қиналып, зардап шекпейді. Сол себепті ауруханаға жатқызу деңгейі алдыңғы кезеңге қарағанда аз болады”, – деді профессор Алмаз Шарман.

Қазақстанда соңғы тәулікте ковидті пневмония ауруының тағы сегіз жағдайы тіркелді. 2 589 адам коронавирустан емделуді жалғастыруда, оның ішінде 283-сы стационарда, 2 306-сы амбулаторияда. 12 адам ауыр халде болса, бесеуінің халі мүшкіл, үшеуі аппаратта.

Елде «Омикронның» әртүрлі нұсқаларының 100% айналымы белгіленген. «Цербер», ВА4, ВА5 жиі кездеседі, бірақ жаңа штамм жоқ. 

“Енді осы «Омикрон» нұсқасына бақылау орнатылды және белгілі бір уақыт өткеннен кейін оның қаншалықты тез таралатыны, белгілері анықталады. Бұл штаммның тез жұғуынан бөлек, оның мутацияға ұшырайтыны қауіпті. Өйткені ол жаңа нұсқаларды туындатады”, – деді денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: