Сәрсенбі, 17 сәуiр, 07:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Ғалым түйе сүтінен пайдалы сусын жасап шығарды

24.03.2024

532 0

Сурет:massaget.kz

Атыраулық биолог-ғалым София Сағындықова түйе сүтіне қызылша шырынын қосып, шипалы сусынды өндіріске енгізді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

София Зұлқарнайқызы шипалы сусынды зерттеуге 20 жыл арнаған. Жаңа өніміне қажет шикізатты табу үшін Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау өңірінде өндірілетін шұбат құрамын зерттеген. Ондағы сүт қышқылы бактерияларын зерттеп, талай сынама да алған. Ізденуден шаршамаған ғалым қазір бейнетінің зейнетін көріп отыр.

«Қазір көптеген анада сүт жетіспейді. Бала өскеннен кейін де беруге болады. Қазір көптеген адамның иммунитеті төмен. Иммуномодулятор ретінде қолдануға болады. Дұрыс тамақтанған жөн деп есептеймін. Антибиотик қабылдаған уақытта одан кейін міндетті түрде пробиотик ішу керек. Пробиотик ретінде біздің сусында қолдануға болады», – деді ол.

София Сағындықова жаңа өніміне «СофМайя» деп ат қойған. Бұл өзінің есімі мен ұстазы, белгілі биолог Майя Шығаеваның құрметіне қойылған.

Қазір жаңа өнім Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылым қоры» арқылы «ғылыми зерттеу нәтижесін қаржыландыру жобасы» аясында грантқа ие болған. Енді Маңғыстау облысындағы сүт зауытынан шипалы сусынды шығару жоспарланып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: