Сәрсенбі, 01 мамыр, 12:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Медициналық қалдықтардың айналымы бақылауда

02.02.2024

478 0

Сурет: .kombi-med.com

 Медициналық қалдықтарды жою аса ұқыптылық пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі қауіпті қалдықтарды жою талапқа сай жүргізілмеген жағдайда қоқыс жинаушылар, медицина қызметкерлері, пациенттер және жалпы қоғам арасында инфекцияның таралуы орын алып, нәтижесінде аурудың қайталама берілуіне үлкен қауіп төндіреді.

Қызылорда облысында медициналық ұйымдарда пайда болған медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару денсаулық сақтау нысанында қабылданған медициналық қалдықтармен жұмыс істеу кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Облыс көлеміндегі медициналық ұйымдардың барлығында медициналық қалдықтарды жинауға бір реттік су өтпейтін пакеттер мен сыйымдылықтар қолданылады. Өткір, үшкір қалдықтарды жинау қауіпсіз жою және жинау контейнерлерінде жүзеге асырылады. Медициналық ұйымның қалдықтармен жұмыс істеуге жауапты тұлға күнделікті үлгіге сәйкес журналда медициналық қалдықтардың есебін жүргізіп отырады.

Аймақтағы медициналық ұйымдарда медициналық қалдықтарды уақытша жинауға арналған үй-жайлар санитариялық қағидаларға сәйкес жабдықталған. Қабырғалары, едені дезинфекциялауға, жууға төзімді материалдармен қапталған, салқын-ыстық сумен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыштармен, жуу мен залалсыздандыруға арналған ванналармен қамтылған.

Қызылорда облысы бойынша облыстық медициналық орталықта медициналық қалдықтарды жоюға арналған пеш-инсенератор, Жаңақорған аудандық орталық ауруханасында және ҚР ДСМ «М. Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК «Қызылорда обаға қарсы күрес станциясы» филиалында медициналық қалдықтарды өртеуге арналған арнайы қондырғы (муфельді пеш) жұмыс істейді.

Қызылорда қаласы және аудан орталықтарында орналасқан қалған медициналық мекемелерде медициналық қалдықтар жекеменшік ұйыммен келісімшарт негізінде тасымалданып, жойылады. 

2023 жыл Қызылорда облысы көлемінде
«А» сыныбына – 299139 кг, «Б» сыныбына – 332834 кг, «В» сыныбына – 42616 кг медициналық қалдық түзіліп, жойылды. Ал «Г» сыныбына 96 кг медициналық қалдық қалыптасып, жойылған. Облыс бойынша былтырғы жылмен салыстырғанда медициналық ұйымдарда пайда болған қалдықтардың көлемі 268293,945 кг кеміген. 

         Облыс бойынша қауіпсіз жою қораптарымен қамтылу көрсеткіші – 100 пайызды құрайды.

Медициналық қалдықтармен жұмыстың дұрыс жүргізілуі Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің тұрақты бақылауында және проблемалық мәселелер мүдделі органдармен бірлесіп, тұрақты түрде қаралып, талқыланады.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: