Жексенбі, 05 мамыр, 15:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Мінез-құлқы мен іс-әрекетіне жауап бере алмайды»: Психиатр шизофрения дерті туралы адамшошырлық деректерді айтты

30.06.2023

429 0

Бүгінде шизофренияға шалдыққан адамдардың саны жетерлік. Дәл сол дерттің алғашқы белгілері мен емдеу жолдары және аталған аурумен өмірбақи арпалысқан науқастардың жағдайы туралы Stan.kz тілшісі арнайы материал әзірледі.

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Демеу» қызмет орталығында шизофренияға шалдыққан көптеген науқас бар. Дәл сол мекеменің психитары Гүлдана Қазтаева аталған дертке төмендегідей анықтама берді.  

«Жалпы, «Шизофрения» дегеніміз – жан дерті деп айтсақ болады. Психикалық ауытқуы бар адамдардың көптеген түрі бар. Бұл ауру көбінесе тұқым қуалаушылық деп есептеледі. Ол кісіслерде аурудың өршу кезеңі болады, ал ауруханаға сондай кезеңдерде түседі. Себебі ол кезде науқас мінез-құлқына, іс-әрекетіне жауап бере алмайды. Агрессивті түрде қоғамға өте қауіптілігімен ерекшеленеді. Сондай жағдайда ауруханаға жатқызылады. Ол науқастар дауыс немесе дыбыстарды естуі мүмкін. Ол дыбыстарды сау адам естімейді. Мұндай науқастардың алғашқы белгілері жастық шақта ақырындап пайда болады. Одан кейін нақты диагноз қойылады», – дейді психиатр.

Алматыдағы әлгі әлеуметтік орталықта дертіне ем іздеген жанның бірі – Сергей. 52 жастағы ер адам осыдан жеті жыл бұрын түскен. Оның дәрігермен арадағы әңгімесіне зер салсақ, ол сұхбат барысында өзін салмақты ұстап, психиатрдың барлық сұрағына мүдірмей жауап берді. Десек те, бұл науқастың медициналық кітапшасында жазылған деректерді дәрігер ашық айтып берді. 

«Сергей кішкентай кезінде көптеген инфекциялық аурулармен ауырған екен. Бұл кісі өсе келе жабық бассүйек-ми жарақаттарын алған, жол апаттарына түскен, мотоциклдан құлап, аяқ-қолдары сынған. Содан кейін үлкейе келе бұл кісі ішімдікке салынып, көп ішкендіктен бұл кісіде ақырындап аурудың белгілері біліне бастаған. Түнгі ұйқысы бұзылып, өз-өзімен сөйлесу айқындала бастаған. Үйінен шығып кетіп, үйге тоқтамаған. Содан кейін өзінің әпкесі болған. Сол кісіні қорқытып, түрлі жағдай жасағаннан кейін Сергейді бригадамен алып келген. Бұл кісі бірнеше стационарға жатқан. Сондықтан осындай нақты диагноз қойылған», – дейді дәрігер. 

Бұл орталықта ақыл-есі дамымай қалған науқастар да бар. Мәселен, 34 жастағы Мәдина есімді әйел 14 жыл бойы ем қабылдап жүр екен. Ол қаршадайынан балалар үйінде өскен.

«Мәдинаның диагнозы ақыл-есі кем деп айта аламыз. Оның жеңіл, орташа, ауыр деген бірнеше түрі болады. Мәдина барлық сұрақтарға жауап беріп, еңбек терапияға қатысып, біздің айтқанымызды тыңдап, істеп жүр. Кейбір жағдайда бұл кісіде ашусаңдық көп байқалады, өзінің дегенімен жүргісі келеді. Сондықтан бұл кісі бізде қадағалауда тұрады», – дейді Гүлдана Қазтаева.

Сонымен қатар шизофренияға шалдық Екатерина есімді келіншекпен де дәрігер тілдесті. Оның да тағдыр жолы оңай болмаған. Жалпы, шизофрения дертін алдын-алудың жолы қандай? Аталған аурудан толығымен арылуға бола ма? Науқасқа қандай күтіп керек? Дәл осындай сансыз сауалға психиатр жауап берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: