Сенбі, 27 сәуiр, 14:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысында құтырма ауруын жұқтыру фактілері тіркелген жоқ

09.03.2023

543 0

Құтырма – бұл осы вируспен зақымданған жануарлармен тікелей жанасу арқылы, тістеу немесе сілекейлеуі мен тырнауы нәтижесінде тері немесе                    шырышты қабаттардың зақымдануымен берілетін аса қауіпті ауру.

          Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы, яғни адамда аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін 10-нан 90 күнге дейін, кейде 1 жылдан астам уақытқа созылады.

       Инфекция көзі-жабайы жыртқыштар (түлкілер, қасқырлар, корсактар, шақалдар және т.б.), сондай-ақ үй жануарлары. Құтырма ауруының арнайы емі жоқ, бірақ алдын-алу өте маңызды. Сондықтан Санитариялық дәрігерлер жануардың тістеуі немесе тырнауы кезінде зардап шеккен адамға жараны сабынмен шұғыл жуу қажет екенін ескертеді, өйткені сілтілі орта құтырма вирусын бейтараптандырады. Содан кейін дәрігер ауруға қарсы екпелерді тағайындайтын травматикалық пунктке бару қажет.

2023 жылдың 2 айының қорытындысымен облыс тұрғындары мен жануарлар арасында жергілікті  аса қауіпті құтырма ауруы тіркелген жоқ. Дегенменәр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 227 адам жүгінді, барлығы антирабикалық екпемен қамтылды. Жарақат алғандардың 35,2% – 14 жасқа дейінгі балалардың үлесінде. Облыстық көрсеткіштен жоғары деңгей Арал, Шиелі аудандарында қалыптасты.

Жарақат алғандардың басым көпшілігі, яғни 83,7% иттен алған жарақаттар болса, 14,5% – мысықтардан, 2 жағдайдан жылқы  мен МІҚ  алған жарақаттардың үлесінде болды. Иесі белгісіз, қаңғыбас ит-мысықтардан алған жарақаттардың үлесі 48  пайыз болды.

Былтырғы көрсеткіштер бойынша облыс көлемінде әр түрлі жануарлардың тістеуінен, тырнап, сілекейленуінен зардап шегіп, медициналық көмекке 1762 адам жүгінген. Жарақат алғандардың 52,5% – ауылдық елді-мекен тұрғындары. Медициналық көрсеткіштерге сәйкес жарақат алғандардың 2,2 пайызы ауруханаға жатқызылып ем алса, 56,5 пайызы шартты курс және 43,5 пайызы шартсыз курс бойынша екпемен қамтылды.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мамандарымен санитариялық-ағарту жұмыстары медициналық қызметкерлер мен тұрғындар арасында тұрақты жүргізіліп отырады. Барлық аудан, қала медицина қызметкерлерінің білімі мен біліктігін арттыру мақсатында бірлескен бұйрықтар шығарылып, кеңейтілген оқыту семинарлары өткізілді. Құтырма ауруынан сақтану, алдын алу шаралары туралы ақпараттандырылу барысын сараптау мақсатында сауалнама жүргізіліп, акциялар ұйымдастырылып, үнпарақтар үлестірілді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жанабергенова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: