Сенбі, 18 мамыр, 01:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Серіктестікпен босанатын әйел нені білу керек?

05.04.2024

69 0

Сурет:tengrinews.kz

Бүгінде елімізде жүкті әйелдердің серіктестікпен босануы қалыпты үрдіске айналған. Босануға дейінгі кезеңде жүкті әйелге психологиялық көмек беру маңызды саналады. Сондықтан серіктестікпен босануды таңдайтындар жақын адамының жанында болып жан-жақты қолдау білдіргенін қалайды.

Жалпы елімізде акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету стандарты бар. Соған сәйкес босануына психологиялық қолдау көрсету үшін әрбір әйелдің жанына жіті инфекциялық аурулардың клиникалық көріністерінсіз, таза киіммен және ауыстырылатын аяқ киіммен серіктес (отбасы мүшесі немесе жақын адам) жіберіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне сәйкес, босану кезінде серіктестің болуы ананың да, баланың да денсаулығына жағымды әсер етеді. Әйел бұл уақытта өзін тыныш және еркін сезінеді. Ал босану процесі жеңіл өтеді. Дегенмен жүкті әйел босануға жалғыз келсе, оған міндетті түрде тәжірибелі акушер көмектеседі. Ол ауырсынуды жеңілдету үшін тыныс алу әдістерін көрсетіп, су әкелу, массаж жасау сынды көмектер көрсетеді.

Серіктестікпен босану туралы шешім қабылдау бірлескен, ерікті және саналы болуы керек. Босану кезінде серіктес толғақтың ұзақтығын және олардың арасындағы уақыт аралығын өлшеу, босанатын әйелдің қолын ұстау, су беру, терді сүрту, әйелге босану кезінде дұрыс дем алуға және босану позаларын қабылдауға көмектесу, ауырсынуды басатын және босаңсытатын массаж жасау, дәретханаға немесе душқа апару, қажет болған жағдайда дәрігерді шақыру, психологиялық қолдау көрсету сынды көмек беруі қажет.

 Гүлзат Жұмабекова,

Көпбейінді облыстық аурухананың

жоғары санатты үздік акушер

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: