Сенбі, 20 сәуiр, 11:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Шомылуға қауіпсіз су айдындары мен жағажайларды дұрыс таңдау

01.06.2023

676 0

Жазғы шомылу маусымы оқушылардың демалыс кезеңімен, су айдындарында, бассейндерде шомылумен байланысты. Сондықтан шомылуға байланысты бірқатар аурулардың қаупі туралы білген жөн.

Сумен жабдықтаудың санитариялық-гигиеналық нормаларының бұзылуына байланысты бірқатар ауруды жұқтырып алу қаупі бар:

  • патогендермен ластанған судан туындаған аурулар (іш сүзегі, тырысқақ, дизентерия, полиомиелит, гастроэнтерит, А вирустық гепатиті);
  • ластанған суды пайдаланған кезде пайда болатын тері мен шырышты қабықтың аурулары (трахомадан алапеске дейін);
  • суда тіршілік ететін моллюскалар тудыратын аурулар (шистосоматоз және ришта);
  • суда тіршілік ететін және көбейетін жәндіктер тудыратын аурулар (безгек, сары безгек және т.б.).

Демалыс базалары мен орындары эпидемиялық маңызы жоғары объектілер болып есептеледі және меншік иелері қажетті зертханалық зерттеулерді (бактериологиялық, санитариялық-химиялық және паразитологиялық зерттеулерге арналған су, паразитологиялық көрсеткіштерге арналған топырақ) алдын ала жүргізе отырып, объектінің сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндеттеледі. Аталған орындарды ұйымдастыратын субъектілер өз қызметінде ҚР ДСМ-ның 2022 жылғы 26 шілдедегі ҚР ДСМ №-67 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды басшылыққа алады.

Шомылуға ыңғайлы жағажай мен су айдындарын таңдағанда неге назар аудару керек?

  1. Жаппай демалу орындарын орналастыру ағынды суларды ағызу орындарынан, мал қоралары мен суаратын жерлерден және басқа да ластану көздерінен қашықтықты ескере отырып немесе көрсетілген ластану көздерінен кемінде 500 м қашықтықта, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың санитариялық-қорғау аймақтарынан тыс жерде жүргізіледі.
  2. Ағынсыз су, су айдынының айналасында жабайы құстардың болуы, малдың жайылуы – судың ластануының көрсеткіші.
  3. Су айдынының түбі құмды, балдырсыз болуы керек.
  4. Шомылуға арналған су бетінің шекарасы жарқын, айқын көрінетін қалқымалы сигналдармен белгіленеді.
  5. Ашық су айдындарының суы ішуге жарамсыз, сондықтан осы сумен жемістерді, көкөністерді, ыдыстарды жуу, ауызды шаю ұсынылмайды.
  6. Балаларға судың температурасы кемінде 20◦С және сыртқы ауа +23◦С болғанда шомылу ұсынылады.

Динара Жанабергенова,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: