Сейсенбі, 21 мамыр, 00:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Балаларды жазғы сауықтыру ұйымдарына қойылатын санитариялық талаптар

10.05.2024

155 0

Сурет:factum.kz

Жазғы мектеп демалысының басталуына санаулы күндер қалды. Осыған орай жазғы сауықтыру лагерьлерін жазғы маусымға дайындау мәселелері аса өзекті болып табылады.Барлық сауықтыру ұйымдары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптары – санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкес келуге тиіс. Сауықтыру ұйымдары үшін осы талаптарды сақтау міндетті болып табылады.

Балалар келіп орналасқанға дейін барлық қала сыртындағы лагерьлер белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін растайтын санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуға міндетті.

Ашылу алдында шомылу орындарындағы ауыз су, бассейндер мен су айдындарының су сынамаларына зертханалық зерттеу жүргізіледі, топырақ пен құм тексеріледі.

Санитариялық қағидаларға сәйкес лагерьдің аумағы қоршалуы тиіс, объектілер үздіксіз ауыз сумен, ыстық сумен, кәрізбен, жарықпен, желдеткішпен қамтамасыз етіледі. Барлық үй-жайлар таза болуы тиіс, Қазақстан Республикасында рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күнделікті тазалау жүргізілуі қажет. Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келуі аса маңызды. Сауықтыру лагерлерінде күніне бес рет тамақтану көзделеді және медициналық қызмет көрсетіледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған кезде балаларды лагерьге қабылдауға жол берілмейді.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету мақсатында дайындық кезеңінде жазғы демалысты ұйымдастырумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға мыналарды қамтамасыз етуді ұсынады:

– ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

– кеміргіштерге, жәндіктерге қарсы өңдеу мен аумақты тазарту және абаттандыру;

– желдету және ауаны баптау жүйелерін қоса алғанда, инженерлік желілердің жұмыс істеу тиімділігін тексеру;

– төсек-орын, ыдыс-аяқ, асхана жабдықтары мен мүкәммалдың жеткілікті мөлшерімен жарақтандыру;

– персоналды оқыту;

– маусым ашылғанға дейін объектіге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу.

Жазғы сауықтыру ұйымдарының негізгі міндеті – балалардың қауіпсіз демалуын және сауықтыруын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылуы ұдайы бақылауда болуы тиіс.

Динара Жанабергенова

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: