Бейсенбі, 09 мамыр, 17:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізілді

24.04.2023

779 0

  Сүт және сүт өнімдері тағамдық құндылығы жоғары тағамдарға жатады. Олардың құрамында маңызды қоректік заттардың едәуір мөлшері бар, сіңімділігі жоғары өнім болып табылады. Диета ұстаушылар үшін жануарлар ақуызының негізгі көзі осы сүт өнімдері. Дегенмен дұрыс өндірмеген немесе сақталмаған жағдайда бұл өнімдерінің барлығы бірдей қауіпсіз бола бермейді.

   Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандарымен өнімнің қауіпсіздігін мониторингілеу аясында 2022 жылы сауда орындарынан сүт және сүт өнімдерінің 192 сынамасы сатып алынып, зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Мониторинг шеңберінде сараптама жүргізуге іріктеп алынған өнімдердің басым үлесі, яғни 63,5% – Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдерде өнірілген өнімдер, отандық өнім үлесі – 33,3 % және 3,1% өзге елдерде өндірілген.   Алынған сынамалар «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі», «Тағамдық қоспалардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар», «Сүт және сүт өнімдері. Бұрмалауды анықтау және табу», «Сиыр сүтінің майы және майлы сықпасы. Жалпы техникалық шарттар», «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентер бойынша зерттеп зерделенді.

Жүргізілген зертханалық сараптамалар нәтижесімен сатып алынған барлық өнімнің 11 үлгісі, яғни 5,7 пайызы техникалық регламенттердің талаптарына сай келмей шықты. Атап айтқанда, тәтті кілегейлі май, ультрапастерленген сүт сынамаларынан физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша-5, яғни сүт майы, май қышқылдарының массалық үлесі бойынша сәйкессіздіктер және таңбалануы бойынша – 6 сәйкессіздік анықталды. Талаптарға сай болмай шыққан өнімдердің 1 сынамасы отандық өндірушілердің өнімі болса, 10 сәйкессіздік Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерде өндірілген  өнімдер еншісінде.

Сараптама нәтижелерімен қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік анықталған импорттық өнімдер туралы ақпарат Комитетке тиісті елдердің өндірушілерін одан әрі хабарлауы үшін жолданды.

Сапасыз сүт пен сүт өнімдерін тұтыну бірқатар аурулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Ең алдымен-жедел ішек инфекциялары, өйткені сүт және сүт өнімдері тез бұзылатын өнімдерге жатады және патогендердің тез көбеюі үшін қолайлы орта болып табылады. Сонымен қатар ауру сиырлардың шикі сүті арқылы адамға туберкулез, бруцеллез сияқты ауыр инфекциялар берілуі мүмкін.

Сүт және сүт өнімдері арқылы берілетін аурулардың алдын алу мақсатында:

– өнімдерді тек рұқсат етілген орындардан сатып алу;

– ветеринарлық-саниатриялық құжаттары жоқ, белгіленбеген орындардан кездейсоқ сататын жеке адамдардан алмау;

– сүт және сүт өнімдерін өндірушінің ұсыныстарына сәйкес дұрыс сақтау;

– шикі сүтті қолданар алдында міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу;

– қаптамадағы сүт сатып алғанда, ең алдымен оның сыртқы түріне назар аудару. Қаптама ісінбеуі немесе зақымдалмауы керек.

– жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сүт және сүт өнімдерін пайдаланбау қажет.

Динара ЖАНАБЕРГЕНОВА,

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: