Жұма, 26 сәуiр, 20:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Тырысқақ ауруының өңірдегі эпидахуалы қандай?

03.05.2023

653 0

Тырысқақ – аса қауіпті инфекциялық аурулар тобына жатады. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді. 

Қызылорда облысында 2022 жылы тырысқақпен ауырған науқастар тіркелген жоқ. Облыс аумағында тырысқақ бойынша эпидемологиялық бақылау эпидемиологиялық қауіптілікке себеп болатын факторлар кешені бойынша аумақтардың типтерін ескере отырып, сараланып жүзеге асырылады. Қызылорда облысы І типке жататын аумақта орналасқан.

Облыстың барлық аумағында жылдың маусымына қарамастан сусыздану белгілерімен үйлескен диарея, құсуы бар жіті ішек инфекцияларымен ауырған науқастар, этиологиясы белгісіз жіті ішек инфекциясы ауруларынан қайтыс болған адамдар тырысқаққа міндетті түрде тексеріледі.

2022 жылы біріншілік есеппен тіркелген ЖІА-мен ауырған 1237 адам тырысқаққа тексерілді. Нәтижесінде тырысқақ вибрионы анықталған адамдар болған жоқ. Этиологиясы белгісіз ЖІА-нан қайтыс болу жағдайлары тіркелмеген. Профилактикалық мақсатта психоневрологиялық диспансер және стационарлар емделушерінен 1050 тұлға тырысқаққа тексерілді. Қолайсыз елдерден келген және барып келгеннен кейін 5 күн ішінде сырқаттанған адамдар тіркелген жоқ.

Тырысқаққа күдік тудыруға негіз болатын белгілер: қызба (температура – 37оС  және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы, сонымен бірге тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден әкелінуін ескеру қажет.

Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аса қауіпті саналатын тырысқақтың алдын алу үшін келесі сақтық шараларын ұсынады:

– жеке гигиена шараларын сақтау: тамақ ішер, тамақ дайындар алдында, әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуу;

– қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

– ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында шомылу;

– теңіздің, мұхиттың және басқа да су объектілерінің шикі және жеткіліксіз пісірілген өнімдерін пайдаланбау;

– азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алу;

– жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу.

Тырысқақ ауруының белгілері пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты тиімді емдеуге және асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Динара ЖАНАБЕРГЕНОВА,

Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: