Дүйсенбі, 25 мамыр, 18:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

2027 жылға қарай Қазақстанның ірі қалаларында 5G желісінің қамтылуы 75%-ға жетпек

25.05.2026

53 0

Фото: Freepik

Қазақстанда мобильді және спутниктік байланыс жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі хабарлады, – деп хабарлайды KAZINFORM

2027 жылдың соңына дейін 4G желісінің елдегі барлық елді мекенді қамту үлесі 92%-ға жетеді, ал 5G базалық станцияларының саны 3,5 мыңнан асады.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта 3G байланысы 2 704 ауылда қолжетімді, ал 4G желісі 2 608 елді мекенде жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар республикалық маңызы бар қалалар мен облыс орталықтарында қазірдің өзінде 2 509 5G базалық станциясы іске қосылған.

– 2027 жылдың соңына қарай 4G желісі барлық елді мекеннің 92%-ына қамтитын болады, ал 5G желісі 3 500-ден астам базалық станция арқылы кеңейтіледі, — деп хабарлады министрлік.

Ведомство ірі мегаполистерге ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

– Бұл әсіресе, елдің ірі қалалары — Астана, Алматы және Шымкент үшін маңызды, мұнда 5G желісінің қамтылу деңгейі 75%-ға жетуі тиіс, — делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қазақстанда шалғай өңірлер үшін спутниктік интернетті дамыту жалғасып жатыр.

– Қазіргі уақытта ел нарығында ресми түрде екі ГЕОЖ -оператор қызмет көрсетеді, 2027 жылдың соңына дейін тағы екі компанияның іске қосылуы жоспарланып отыр, – деді министрлік.

Мекеменің хабарлауынша, спутниктік байланысты дамыту алыс және қолжетімсіз елді мекендер үшін әлі де өзекті болып отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: