Сейсенбі, 28 сәуiр, 13:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2243)
28.04.2026
PDF мұрағаты

Цифрлық трансформация карталары енгізіліп жатыр — Жаслан Мәдиев

28.04.2026

37 0

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Цифрлық трансформация карталарын енгізу аясында 72 сала қамтылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Экономика салаларына жасанды интеллектіні енгізудің екі негізгі мақсатын атап өту қажет. Біріншісі — экономикалық өсім. Жасанды интеллект өнімділікті арттырудың негізгі драйверіне айналуы тиіс. Бұл жеке процестерді автоматтандыру туралы ғана емес. Жасанды интеллект жаңа өнімдерді, жаңа нарықтарды және экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер ашуы қажет. Екіншісі — бизнесті қолдау. Жасанды интеллект есебінен бизнестің мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдету, өтініш беру форматынан проактивті қызметтерге көшу және бизнес шығындарын қысқарту қамтамасыз етіледі, — деді Жаслан Мәдиев.

Сонымен қатар ол мемлекеттік органдармен бірлесіп Цифрлық трансформация карталары енгізіліп жатқанын айтты. Бүгінде 72 сала мен қызмет бағытын қамтитын 20 карта бекітілді. Атап айтқанда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да бағыттар.

Әр карта:

— негізгі цифрлық сын-қатерлерді,

— AI-шешімдерді енгізу жоспарын,

— 2027 жылға дейінгі KPI және әлеуметтік-экономикалық әсерлерді қамтиды.

— Процестерді жобалауда жасанды интеллектіні басым қолдануды көздейтін AI-First қағидатына сәйкес бірыңғай архитектуралық тәсіл қолданылды. Бұл тәсіл «электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында баршаға қолжетімді. Барлық орталық мемлекеттік органның бекітілген карталарды орындауы міндетті екенін атап өткім келеді, — деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: