OpenAI АҚШ, Қытай және басқа да елдердің қатысуымен жасанды интеллектіні қадағалау мен реттеудің халықаралық негізін құруды ұсынды, – деп хабарлайды KAZINFORM
Бұл туралы Bloomberg агенттігі компанияның жаһандық мәселелер жөніндегі вице-президенті Криса Лехейн сөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Оның айтуынша, жасанды интеллект технологиялары дәстүрлі сауда және ұлттық мәселелер шеңберінен шығып барады, сондықтан әлемге жаңа жаһандық үйлестіру жүйесі қажет.
OpenAI өкілі болашақ ұйым ядролық энергетика саласындағы халықаралық қауіпсіздік стандарттарына және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге жауапты Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) қағидаттары бойынша жұмыс істей алатынын атап өтті.
Компанияда мұндай құрылымды құру жолындағы қадамдардың бірі ретінде АҚШ-тың ЖИ стандарттары мен инновациялары орталығы мен жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі ұқсас халықаралық институттар арасындағы ынтымақтастық қарастырылып отыр.
Агенттік мәліметінше, Вашингтонда заманауи ЖИ жүйелері қаржы инфрақұрылымы мен қалалық қызметтер үшін ауқымды қауіп төндіруі мүмкін деген алаңдаушылық бар.
Сонымен қатар OpenAI АҚШ-тың мемлекеттік зерттеу құрылымдарын озық ЖИ модельдерін кеңінен енгізбес бұрын жабық әрі қорғалған ортада тексеруді міндеттеуді ұсынды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
