Сейсенбі, 28 сәуiр, 12:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2243)
28.04.2026
PDF мұрағаты

Отандық кәсіпорындар жасанды интеллектінің қандай элементтерін енгізді

28.04.2026

66 0

Коллаж: Kazinform / Nano banana

Елімізде 70-тен астам кәсіпорын IIoT технологияларын қолданып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

— Өнеркәсіпте жасанды интеллект қазірдің өзінде өнім сапасын бақылау мен өндірісті тиімді етуге қолданылуда. ERG, Astana Motors және KAZ Minerals сияқты ірі кәсіпорындар өндірістік алаңда digital twins технологиясын енгізіп жатыр. IIoT технологиялары қазірдің өзінде жетпістен астам кәсіпорында қолданылуда, — деді ол.

Мәселен, министрдің дерегінше, «Astana Motors» компаниясында дәнекерлеу жұмыстарын автоматты түрде бақылайтын жасанды интеллект-талдау жүйесі енгізілген.

— Сонымен қатар, өндірістік процестерді нақты уақыт режимінде модельдеу және оңтайландыру үшін, жасанды интеллектпен digital twins моделі қолданылады. Нәтижесінде өнім ақаулары азайып, өндіріс тиімділігі артады, — деді Ерсайын Нағаспаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: