Сәрсенбі, 17 сәуiр, 06:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

14 адам жол-көлік апатынан қаза тапты

29.02.2024

551 0

Сурет: inbusiness.kz

14 адам жол-көлік апатынан мерт болды. Оқиға Үндістанның Мадхья-Прадеш штатының Диндори ауданында орын алған – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Times of India басылымының жазуынша, бұл туралы жергілікті полиция хабарлаған.

«Оқиға 29 ақпанда түнде бір топ жергілікті тұрғын мерекелік шараға қатысып, ауылдағы үйлеріне қайтып келе жатқанда болған. Тұрғындар мінген пикап жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен», – делінген хабарламада.

Апат салдарынан 14 адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы 21 адам жарақат алды. Зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 

Жергілікті билік қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетуге уәде берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: