Сәрсенбі, 01 мамыр, 02:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Әйелдің шашынан сүйреп, көйлегін жыртқан

03.08.2023

593 0

Өзбекстандағы Қашқадария облысында ер адам әйелге шабуыл жасап, оны каналға итеріп жіберген, – деп хабарлайды  nuz.uz сайты.

«Новости Кашкадарьи» мәліметінше, оқиға 23 шілдеде түнгі сағат 1 шамасында болған. Әйел құрбысымен үйіне қайтып келе жатқан. Олардың қасына көлік тоқтап, одан ортақ танысы түсіп, жәбірленушіге шабуыл жасаған. Видеода ер адамның әйелді шашынан сүйреп, көйлегін жыртып, каналға итеріп жібергенін көруге болады.

Әйелдің айтуынша, ер адам мас болған және оны зорламақ болған, бірақ қарсыласқаннан кейін каналға итеріп жіберген.

Ер адам қамауға алынып, тергеу жүріп жатқаны айтылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: