Сенбі, 20 сәуiр, 14:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

АҚШ тағы да Ресейге санкция жариялады

17.04.2021

1483 0

Американың әкімшілік өкілдері бұл жолы Мәскеуге нақты шығын алып келетін жауап әзірлеуге бел буған. Себебі бұған дейінгі санкциялар Ресей тарапынан жауапсыз қалған болатын. Бұл туралы Джулиан Э.Барнс, Дэвид Э.Сэнджер мен Лара Джейкстің The New York Times басылымында «Байден әкімшілігі Ресейге қатаң санкция жарияламақ» атты мақаласы жарық көрді.

Авторлардың хабарлауынша, әкімшілік Ресейге қатысты көптен күткен бірқатар шараларды қолға алмақ, оның ішінде мемлекеттік және жеке желілерді бұзғаны және таратқаны үшін шара қабылданбақ. Сонымен қатар президент көмекшілері SolarWinds кибер шабуылы, америка әскерін өлтірген ауғандарға Ресей тарапынан берілетін сыйақы, көп жыл бойы Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға әсерін тигізу әрекеттері үшін де жауап алынатынын мәлімдеді.

Бұл қадамдардың ішінде бес жыл бұрын Обама әкімшілігі қабылдаған шешім, яғни белгілі бір дипломат­тарды шектеу шарасы да болады деп күтілуде. Бірақ тілшілер «Бұл шешім Ресейдің ықпал етуінен, Еуропа елдеріне төндіретін қаупінен сақтайды ма, жоқ па» деп күмәнмен қарайды.

Айдың басында президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан «Бұл жай ғана санкциялар болмайды. Оның ішінде «көрінетін және көрінбейтін» әрекеттер үшін де жауап алынбақ», – деп мәлімдеме жасаған болатын. Дегенмен әкімшілікте қанша қадам жасау турасында аздаған келіспеушіліктер де болған-ды.

Қарызға қатысты шектеулер елдің долларлық облигацияларды тартуға әсер етеді деп күтілуде. Себебі несие берушілер американдық қаржы нарықтарынан бас тартудан қорқады-мыс. Мұндай шектеу шарасын Америка Иранға қатысты қолданған еді.

Соңғы аптада ресейлік облигациялар ықтимал санкциялар әсерінен біраз өзгерген. Жалпы Ресейдің салыс­тырмалы түрде қарызы көп деуге келмейді, сондықтан бұл тактиканың әсер етуі екіталай. Ал мұнай бағасының өсуі ел экономикасына пайда әкеледі. Соған қарамастан Ресейдің қаржы секторына қатысты кез келген санкция АҚШ-тың Мәскеуге артуға дайын шығындарды арттырмақ. Бірақ америкалықтар ресейлік ұйымдар бұған қатысты айла-тәсілдерін қолдануы мүмкін деп те алаңдаушылық білдіруде.

Сонымен қатар тілшілер SolarWinds шабуылы мем­лекеттік құрылымдар мен жеке фирмалар қолданатын бағдарламаны қолдануға жол ашқанына әлі де болса сенімсіз екені туралы жазады.

 Сейсенбіде Байден Путинге қоңырау шалып Ресей әскерінің Украина жерінде артуы бойынша ескерту жасағанын Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки хабарлаған. Алайда Байденнің бұған қатысты алдағы әкімшілік шаралары туралы телеграф жіберді ме, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Байден әкімшілігі бұған дейін оппозиционер Навальный­ды улады деген айыппен санкцияның бірін­ші раундын жариялаған болатын. Сонымен қатар ЦРУ Трамп әкімшілігіне Ресей Ауғанстандағыларға америкалықтарды өлтіргені үшін содырларға жасырын сыйақы бергені туралы ақпаратты ұсынған еді. Бұл орайда Трамп әкімшілігі жауап дайындауға екі айдан астам уақыт кетіріп, соңында тіпті дипломатиялық ескерту жасалмай қалған.

Бұл ақпарат расталып, ЦРУ жасаған зерттеуге Ақ үй жауапсыз қалғанына шенеуніктер наразы болды. Осы тұста Байден Ресейдің АҚШ-қа қарсы әрекеттерін тереңірек зерттеуді тапсырған. Байден сыйақыға қатысты ешқандай ақпарат жарияламаса да Америкада президент сайлауы кезінде Джо Байденнің жеңуіне қарсы Трамптың жақындары арқылы кедергі жасағаны туралы ақпаратты көпшілікке ұсынған. Бұл тұста Ресейдің дауыс беру немесе санау жүйесіне ешқандай кедергі келтірмегені дәлелденсе де, қоғамдық пікірді өзгертуге едәуір әсер еткен.

Желтоқсанда FireEye жеке фирмасы Ресейдің сыртқы барлау қызметі үлкен масштабта кибер шабуыл жаса­ғанын және бірнеше ай бойы тоғыз федералды агенттікке еніп, жоғары лауазымды шенеуніктердің электронды хаттарын ұрлады деп мәлімдеді. Ресейлік хакерлер кеңінен қолданылатын бағдарламаның осал тұсын пайдаланып, зиян келтірген және әлем бойынша мыңдаған компьютерді бүлдірген.

Мақала авторлары Ресейдің хакерлері SolarWinds барлау агенттігіне жасалған кибер шабуылы жайлы деректер көпшілік назарына ұсынылмайды деп тұжырым­дайды. Алайда алдағы уақытта одақтас елдермен бір­лескен кибер шабуылға қарсы оқу-жаттығулар өтіп, оларға жауап беру қабілетін арттыру қолға алынады деп күтілуде.

Тілшілер АҚШ пен Одақтас елдер Украинаға жақын жерге Ресей әскерінің тұрғанына алаңдаушылық білдіріп отырғанын да жазады. ЦРУ директоры Уильям Джонс Сенатқа қарулы күш қатарының артуы шабуыл жасау үшін жеткілікті екенін айтқан. Бірақ Бернс Ресей бұл ісі арқылы ескерту бергені немесе соғыс қимылына дайындалып жатқаны белгісіз екенін айтады.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: