Сенбі, 18 мамыр, 20:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Белгісіз біреулер сот ғимаратына оқ жаудырған

07.02.2024

255 0

Сурет: stan.kz

Ер мен әйел қарумен сот ғимаратына шабуыл жасады. Оқиға Ыстамбұлда орын алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға түскі уақытта болды. Шабуылдан бес адам, оның ішінде үш құқық қорғау органының қызметкері зардап шеккен. Бір адам ауруханада көз жұмған көрінеді. Қаскөйлер ұсталды.

Қазір оқиға орнына қосымша полиция күштері мен медициналық топтар жұмылдырылды. Зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Прокуратура тергеуді бастады.

Ішкі істер министрі Али Ерликая шабуыл жасағандардың революциялық халық азаттық партиясы террор ұйымының мүшелері екенін айтты. Бұл – Ыстамбұлда кейінгі екі аптада болған екінші шабуыл.

28 қаңтарда Ыстамбұлда католик шіркеуіне біреулер оқ жаудырып, атыс салдарынан түрік азаматы қаза тапқан еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: