Дүйсенбі, 26 ақпан, 06:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

COVID-19 ауруы қайта күшейіп келе жатыр

05.08.2023

459 0

COVID-19 қаупі әлі сейілген жоқ, деп хабарлайды Ховар агенттігі.

ДДСҰ ақпараттық бюллетеніне сәйкес, әлемде 13-30 шілде аралығындағы төрт апта ішінде 1 008 194 инфекция жұқтырғандар мен 3 132 өлім тіркелген.

Ұйым ДДСҰ 5 мамырда жариялаған төтенше жағдай режимінің аяқталуына қарамастан, COVID-19 әлі де қауіпті болып қала беретінін мәлімдеді.

Осыған байланысты елдерді аурумен күресуге құрылған инфрақұрылымды әлі де қолдауға шақырды.

«Эпидемиялық бақылау, есеп беру, коронавирустың нұсқаларын қадағалау, ерте клиникалық көмек көрсету, жоғары қауіпті топтарда күшейткіш вакцинация жүргізу өте маңызды», – делінген бюллетеньде.

Батыс Тынық мұхиты аймағында аурудың 38%-ға өсуі байқалды, ал ДДСҰ-ның қалған бес аймағында төмендеді. Өлім-жітім барлық алты аймақта, әсіресе Еуропада 75 %-ға төмендеді.

Төрт апта ішінде ең көп ауырғандар Корея Республикасында анықталды – 751 484.

Одан кейін Бразилия (45,642), Австралия (30,144), Жаңа Зеландия (23,443) және Сингапур (23,216). Бразилияда ең көп қайтыс болғандар 13-30 шілде аралығында тіркелді – 695.

Одан кейін Перу (321), Австралия (260), Ресей (251) және Корея Республикасы (199).

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: