Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адам ата-енесі мен көршісін атып өлтірген

01.07.2024

547 0

Сурет: gunhaber.com.tr

Түркияның Фетхие қаласында ажырасу процесі жүріп жатқан жігіт әйелінің ата-анасын және араға түспек болған көршісін тапаншамен атып өлтіріп, тағы екі кісіні жаралаған, – деп хабарлайды Massaget.kz

41 жастағы Өзжан Айбей туралы бұл хабар hurriyet.com.tr сайтында жарияланды. Әйелінің ата-анасының үйіне барған ашулы жігіт 53 жастағы қайын атасы Шүкрү Айсуды және 52 жастағы қайын енесі Адиле Айсуды тапаншамен атып өлтірген. Жанжалға мылтықпен араласқан көршісі Мұхаммет Акбабаны да атып кеткен. Мұнымен қоймай Есат Улу мен Сердар Генчті де жаралап үлгерген.

Оқиға 29 маусым күні таңғы сағат 7-де болған. Қайтыс болған үш адамның жаназасы 30 маусымда өтті. Ал оқиға орнынан көлігімен қашып кеткен күдіктіні түнде сағат 2-де полиция қызметкерлері ұстаған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: