Жексенбі, 22 желтоқсан, 09:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Иранда ЛГБТ ұйымының 2 белсендісі өлім жазасына кесілді

06.09.2022

760 0

Иран соты ЛГБТ ұйымының екі белсендісін гомосексуализмді насихаттады деген айыппен өлім жазасына кесті, деп хабарлайды CBS News.

Күрдтердің Hengaw құқық қорғау ұйымы 31 жастағы Захра Седиги Хамедани мен 24 жастағы Эльхам Чубдарды Урмия қаласының солтүстік-батысындағы сот шешімімен өлім жазасына кесілгенін хабарлады. Олар елде шариғат заңын бұзған айыпталушыларға қатысты жиі қолданылатын бап – «жерге жемқорлық таратқаны үшін» сотталды. Германияда орналасқан ирандық ЛГБТ құқықтарын қорғайтын 6Rang ұйымының үйлестірушісі Шади Амин де өлім жазасына кесілген үкімдерді растады.

Құқық қорғау ұйымдары Германия мен басқа да шет елдерді үкім күшін жою және әйелдерді босату үшін Тегеранға қысым көрсетуге үндеуде.

Amnesty International ұйымының мәлімдеуінше, ұсталған әйелдерге қатысты айыптаулар ұсталғандардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында гейлердің құқықтарын ашық қорғауға үндеу жібергеніне, сондай-ақ 2021 жылдың мамырында ВВС түсірген фильмнің эфирге шығуына, Ирактың солтүстігіндегі Күрдістан аймағында ЛГТБ өкілдері құқықтарының бұзылуына байланысты жарияланымдарға негізделіп шығарылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: