Сенбі, 18 мамыр, 16:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Израиль Газа секторындағы «Әл-Амал» ауруханасын атқылады

15.02.2024

241 0

Сурет: Қазақпарат

Aqmeshit-aptalygy.kz Израиль қорғаныс күштері Газа секторының оңтүстік бөлігіндегі Палестинаның Хан-Юнис қаласындағы аурухана мен оның айналасындағы тұрғын үйлерді толассыз атқылауда, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Палестина Қызыл Жарты Ай қоғамы Израильдің әл-Магази босқындар лагерін де атқылап жатқанын хабарлады.

Палестинаның Қызыл Жарты Ай Қоғамы (PRCS) өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында Израильдің Хан Юнисті атқылауы «Әл-Амаль медициналық орталығының ғимараты мен аурухананың айналасына ауыр зиян келтіргенін» айтты.

Палестина анклавының орталық бөлігінде орналасқан әл-Магази босқындар лагеріне де артиллериялық оқ жаудырылғаны белгілі болды.

PRCS хабарлауынша, Израиль армиясының соққысы салдарынан кем дегенде бір палестиналық жараланған.

2023 жылы 7 қазанда ХАМАС тобы Газа секторынан Израильге кірген кезде Таяу Шығыстағы жағдай күрт нашарлады. Израиль Палестина анклавына, Ливанға және Сирияның бір бөлігіне қарсы шабуылдай бастады. 1 желтоқсанда Израиль армиясы Газа секторында соғыс қимылдарын қайта бастағанын жариялап, ХАМАСты 24 қарашадан бері күшіне енген атысты тоқтату келісімін бұзды деп айыптады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: