Сенбі, 27 сәуiр, 11:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Мұхтар Әблязов тығырыққа тірелді

05.07.2023

679 0

Көпке жағымсыз образда танылған қазақстандық банкир Мұхтар Әблязов 30 күн ішінде Франциядан кетуге міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол бұл туралы өзі әлеуметтік желіде хабарлады.

«Олар менің Франциядан 30 күн ішінде кетуімді талап етті, ал менің басқа елге кіруге төлқұжатым да, визам да жоқ», – деп жазды Әблязов.

Сондай-ақ ол осы мәселе бойынша сотқа жүгініп жатқанын, жұма күні оған полицияның атқарушы органдары бұйрық шығарғанын айтты.

Айта кетейік, Мұхтар Әблязов Қазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, оны басқарғаны және БТА банкінің ақшасын жымқырғаны үшін сырттай сотталған болатын. Астана оны қайтаруды сұрап отыр.

Ал 2022 жылдың желтоқсанында экс-банкир Франциядағы босқын мәртебесінен айырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: