Сәрсенбі, 17 шiлде, 14:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Орман өртінен бүтін бір ауыл жанып кетті

20.06.2024

952 0

Сурет: nypost.com

Орман өртеніп, маңындағы бүтін бір ауыл жанып кетті. Өрт 2 күнде 6 мың гектар жерді шарпыды. Оқиға АҚШ-тың Нью-Мексика штатында орын алды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соның салдарынан Руидосо ауылында 1400 үй қирап, 7 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жергілікті полиция бір адамның көз жұмғанын мәлімдеді. Аймақта төтенше жағдай жарияланып, өрт сөндіруге АҚШ Ұлттық гвардиясының қызметі жұмылдырылды.

Өте ауқымды өрт. Дәл мұндай апатты жағдайды осыған дейін бұл маңнан көрмедім. Тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялап үлгердік. Ауыл бір-ақ сәтте тұруға жарамсыз болып қалды, – деді Линкольн округінің ТЖ қызметі бойынша өкілі Брианна Вентура.

Грекияда төтенше жағдай жарияланды Грекия да орман өртімен арпаласып жатыр. Билік апатқа байланысты төтенше жағдай жариялады. Афина маңындағы аудандарда 60-тан астам өрт ошағы тіркелген. 

Өрт сөндіруге 150-ден астам маман мен 45 техника жұмылдырылған. Айтуларынша, қызыл жалынмен күресуге аймақтағы аптап кедергі келтіруде. Сынап бағанасы 38 градустан асады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: