Жұма, 17 мамыр, 13:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Премьер-министр отставкаға кетті

26.02.2024

467 0

Сурет: eskeldi-eli.kz

Палестинаның премьер-министрі Мoхаммед Штайе Газа секторындағы «геноцидке» байланысты Аббасқа отставкаға кету жөнінде өтініш берді. Палестина премьерінің шешімі АҚШ-тың Газа секторындағы соғыстан кейін Палестина мемлекетін басқара алатын саяси құрылым құру мақсатында Палестина автономиясына қысым көрсетуі аясында қабылданып отыр.

Палестинаның премьер-министрі Мохаммад Штайе өз үкіметінің Палестина аумағындағы зорлық-зомбылық пен Газа секторындағы соғыстың күшеюіне байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді.

«Оставкаға кету шешімі Батыс жағалау мен Иерусалимдегі жағдайдың бұрын-соңды болмаған шиеленісуі, сондай-ақ Газа секторындағы соғыс, геноцид және ашаршылыққа байланысты қабылданды», – деді Штайе дүйсенбі күні Рамалладағы үкімет отырысында. 

Палестина автономиясының 18-ші үкіметін 2019 жылдың наурызынан бері басқарған Штайе Палестина президенті Махмуд Аббасқа отставкаға кету туралы өтініш берді.

«Келесі кезең мен оның проблемалары Газа секторындағы жаңа шындықты және Палестина бірлігі мен ондағы билік бірлігін кеңейтуге негізделген жалпы палестиналық консенсус қажеттілігін ескеретін жаңа үкіметтік және саяси тетіктерді қажет ететінін көремін», – деді Штайе Facebook парақшасында.

Штайенің мәлімдемесі АҚШ-тың Махмуд Аббасқа Палестина билігін жаңартып, соғыстан кейін Палестина мемлекетін басқара алатын саяси құрылым бойынша жұмысты бастау жөніндегі қысымы күшейген тұста айтылды.

Екі апта бұрын Штайе «егер жаңа үкімет құру жоспарланса, отставкаға кететінін» мәлімдеген. 

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Палестина автономиясының Палестина мемлекетін бақылауға алу және Газа секторын басқару туралы үндеулерін бірнеше рет қабылдамай тастады. 

Өткен аптада Израиль заңгерлері тіпті Нетаньяхудың Палестина мемлекетін кез келген «біржақты» мойындаудан бас тартуын қолдады.

Араб БАҚ хабарлауынша, Махмуд Аббас жаңа министрлер кабинетін құруға ықтимал кандидат ретінде Палестина инвестициялық қорының директорлар кеңесінің төрағасы Мoхаммед Мұстафаны ұсынады деп күтілуде. 

Ресей 29 ақпанда Мәскеуде палестинааралық кездесу өткізеді деп күтілуде.

30 жыл бұрын Ослодағы уақытша бітім аясында құрылған Палестина билігі басып алынған Батыс жағалаудың кейбір бөліктерін шектеулі басқаруды жүзеге асырып отыр. 

2007 жылы Палестина автономиясы ХАМАС-пен қақтығысқа байланысты Газа секторын бақылаудан бас тартқан. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: