Сенбі, 27 сәуiр, 12:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Түркия бірігіп әскери кемелер жасайды

31.07.2023

868 0

          Қазақстан Түркиямен бірге қазақстандық флот үшін әскери кемелер жасауға келісті. Бұл туралы  Defence Turk басылымы хабарлайды.

          IDEF 2023 16-шы халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде түрік мемлекеттік мердігерлері ASFAT және Түркия Қорғаныс министрлігіне қарасты YDA Group және қазақстандық «Зенит» Орал зауыты» АҚ мемлекеттік компаниясы арасындағы келіссөздер аяқталды.

          Бұл келісім қазақстандық флот үшін теңіз көліктерін, коммерциялық кемелерді және негізгі әскери кемелерді жобалау мен жасауды қамтиды. Көрмеде Қазақстан инженерлік ғылыми-зерттеу және дамыту орталығы мен Анкарадағы түрік қорғаныс технологиялары Meteksan компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

          Келісімге сәйкес, ынтымақтастық ұшқышсыз жүйелер бойынша жүзеге асырылады.

          ASFAT Inc. – Түркияның мемлекеттік қорғаныс мердігері. Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің құзырындағы компания. Ол жобалау, өндіру, техникалық қызмет көрсету, қолдау және оқытуды қамтамасыз етеді. 

          Meteksan Savunma – Анкарада орналасқан түрік қорғаныс технологиясы компаниясы, радиолокациялық жүйелерге, периметрлік бақылау жүйелеріне, лазерлік және электрооптикалық жүйелерге, байланыс жүйелеріне, су астындағы акустикалық жүйелерге және тренажерларға маманданған. Ол Түркияның 15-ші ірі өнеркәсіптік тобы және жеке меншік болып табылатын Билкент университеті қаржыландыратын үлкен конгломерат Bilkent Holding құрамына кіреді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: