Сенбі, 04 мамыр, 05:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қолданушылар Apple Vision Pro көзілдірігін жаппай қайтарып жатыр

17.02.2024

245 0

Сурет: stan.kz

Aqmeshit-aptalygy.kz – Apple Vision Pro кеңейтілген шындық көзілдірігін сатып алған америкалық пайдаланушылар қолдану кезіндегі ыңғайсыздыққа байланысты дүкендерге кері қайтарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Apple Vision Pro көзілдірігі адамда бас ауруы мен жүрек айнуын тудырады. Сондай-ақ пайдаланушылар құрылғыдағы негізгі жүктеме бастың алдыңғы бөлігіне түсетінін айтып шағымдануда. 

Жаңа құрылғыны қолданушы Паркер Ортолани гаджетті пайдалану кезінде «көз тамырларының жарылуын» бастан өткергенін айтты. Сонымен бірге ол көзілдірік кию тым ыңғайсыз болғанын атап өтті.

Айта кетейік, Apple Vision Pro көзілдірігінің сатылымы АҚШ-та 2 ақпанда басталды. Құрылғының Қазақстандағы бағасы 2 миллион 936 538 теңгеге дейін. Ал АҚШ-тағы бағасы 3899 доллар

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: