Бейсенбі, 02 мамыр, 04:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Ресей әскері Украинаны ракетамен соққылады

07.02.2024

211 0

Сурет: skynews

Aqmeshit-aptalygy.kz – 7 ақпанда таңертең Ресей әскері Украинаны жаппай ракетамен соққылады. Киевке де соққы жасалды – деп хабарлайды azattyq.kz.

Қала мэрі Виталий Кличконың сөзінше, атып түсірілген ракета бөлшектері жоғары вольтты сымдарды үзіп, Киев тұрғындарының бір бөлігі жарықсыз қалған. Жылу инфрақұрылымы да бүлінген.

Кейінгі мәліметке қарағанда, Украина астанасында 9 адам зардап шеккен. Қаланың кейбір аудандарында ракета шабуылының салдарынан көпқабатты тұрғын үй өртенген.

Николаев қаласына да соққы жасалған. Жергілікті биліктің мәліметінше, бір адам қаза болған, жараланғандар да бар. Тұрғын үйлер мен инженерлік желілер бұзылған.

Украинаның өзге аймақтарынан да ракета шабуылы жөнінде хабар түсіп жатыр. Бұзылған ғимараттар туралы ақпарат әзірге жоқ. Ресей әскері соққыға түсініктеме берген жоқ.

Ракета шабуылының алдында сәрсенбіге қараған түні Ресей әскері Украинаны «Шахед» дрондарымен шабуылдаған. Украина әскерінің хабарлауынша, 15 дронның 12-сі атып түсірілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: