Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:31

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Түркияда Сыр елінің тың жобалары талқыланды

22.09.2022

751 0

Апта басында облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов Түркия еліне барып, бір топ түрік инвесторларымен кездесті.

Ыстамбул қаласында Серік Қожаниязов «Tat Gida» компаниясының басшылығымен Қызылорда облысында «Қызанақ пастасын шығаратын зауыт салу» мәселесін талқылады.   

Кездесу нәтижесінде түрік компаниясының өкілдері жақын арада Сыр еліне келіп, жобаны жүзеге асыру бойынша нақты жұмыстарға кіріспек. Нақтырақ айтсақ, қызанақ егетін және зауыт салынатын жерлермен танысып, бірлескен жұмыстарды атқармақ.

Сонымен қатар, аймақ басшысының орынбасары «Акса энерджи» компаниясы басшылығымен кездесіп, облыс орталығында жылу-электр орталығын салу жобасының кейбір мәселелерін пысықтады. Екі ел арасында әрі қарай ынтымақтастықты дамыту үшін өзге де маңызды жобаларды іске асыру перспективалары қаралды.

Нәтижесінде, Сыр өңірінде өндірісте және сауда орындарында пайдаланатын қағаз қапшықтары мен қағаздан жасалатын ыдыстарды шығару,  қамысты өңделмеген күйде Еуропа елдеріне экспорттау жобалары талқыланды.

Сондай-ақ, С.Қожаниязов Түркиядағы сапары барысында Қазақстан Республикасының Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы және «Kazakh Invest» АҚ-ның Түркиядағы өкілімен кездесіп, өңірге инвестиция тарту мәселелерін пысықтады.

Айта кетейік, биыл түрік инвесторларының қолдауымен республиканың тек екі аймағында ТМД елдерінде теңдесі жоқ заманауи жылу электр орталығының құрылысы салынбақ. Алғашқысы Сыр елінде бастау алып, аймақ жұрты жылу электр орталығының  капсула салу рәсіміне куә болды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: