Сейсенбі, 23 сәуiр, 13:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ұлы Отан соғысы кезінде сақталған мина жарылып, екі адам қаза тапты

11.05.2021

2092 0

Олар 60 жастағы ер адам мен 15 жастағы жасөспірім. Ресейдің Волгоград облысында іздеушілер тобы Ұлы Отан соғысы кезінде қойылған минаны байқаусызда жарып жіберді. Салдарынан 60 жастағы ер адам мен 15 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп жазады aikyn.kz.

Алдын ала болжам бойынша, қазба жұмыстары кезінде минаға күрек тиіп кеткен. «6 мамыр күні кешке Волгоград облысының Городищенский ауданында екінші дүниежүзілік соғыс кезінде оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан 60 жастағы ер адам мен 15 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Қайғылы оқиға Самофаловка ауылының жанында 154,2 биіктікте болды. Онда Орынбор облысынан келген «Память» жасағының мүшелері іздеу жұмысын жүргізді», – деп жазады басылым.

Волгоград облысы әкімдігінің баспасөз қызметі екі жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына барғанын хабарлады. Дәрігерлер келгенге дейін ер адам жан тапсырған, кейін баланы да құтқару мүмкін болмаған. Іздеушілер ресми түрде жұмыс істегені хабарланды. Оқиғадан кейін Волгоград облысының губернаторы Андрей Бочаров аймақтағы іздеу топтарының барлық жұмысын тоқтатуды бұйырды. Қазіргі уақытта Ресей аумағында көптеген іздеу бөлімшесі жұмыс істейді, олар сарбаздардың жаппай жерленген жерлерін тауып, анықтайды, кейін туыстарын іздестіреді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: