Бейсенбі, 28 наурыз, 17:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

WhatsApp-та жаңа функция пайда болды

12.07.2021

981 0

WhatsApp мессенджерінде бір есептік жазбаны бір уақытта бірнеше құрылғыда пайдалану функциясы іске қосылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі WABetainfo порталына сілтеме жасап.

Пайдаланушының құрылғылары бір-бірімен байланысқаннан кейін WhatsApp Web және WhatsApp Desktop бір уақытта жұмыс істеуі үшін олардың негізгісіне желіде қалудың қажеті жоқ. Бұл режимде бір аккаунтқа тіркелген бес гаджетті пайдалануға болады.

Бірнеше құрылғыны бір уақытта пайдалану кезінде де қауіпсіздік WhatsApp алгоритмдері арқылы шифрланатыны атап өтілді.

Әзірге опция тек қосымшаның бета 2.21.14.1 нұсқасында және Android-та жұмыс істейді. Кейінірек бұл мүмкіндік жалпыға қол жетімді болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: