Жұма, 03 мамыр, 03:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Зейнеткердің жинаған ақшасын құмырсқалар жеп қойған

30.07.2023

242 0

Малайзиялық зейнеткер аяқ киімнің картон қорапшасына салып жинап жүрген ақшасын зиянкестер жеп жарамсыз етті. Кейуана бұл ақшаны Меккеге бару үшін ұзақ жылдар жинаған. Бұл туралы dailystar.co.uk. басылымы хабарлайды.

Зейнеткер Меккеге қажылыққа бару үшін жылдар бойы ақшасын картоннан жасалған аяқ киім қорабында сақтап, жинаған. Бірақ ақ құмырсқалар (термиттер) ақшаны жеп, жартысынан көбі жарамсыз болып қалған.

Оның немересі Хайрул Азхардың айтуынша әжесі шамамен 30 000 малайзиялық рингит жинағанын айтады. Бұл 6600 доллардан асады.

Енді Хайрул аман қалған банкноттарды ауыстырады деген үмітпен Малайзияның орталық банкіне апаруды жоспарлап отыр. Ол бұл оқиғадан сабақ алып мұндай ақшаны үйде ұстамау керек екенін ескертті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: