Сенбі, 04 мамыр, 07:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жарыс кезінде апатқа ұшыраған автокөлік 7 адамның өмірін қиды

22.04.2024

288 0

Сурет: Stan.kz

Шри-Ланкада жарыс көлігі бір топ адамды қағып кетті. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 21 адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Автокөлік Фокс-Хилл тас жолының қоршалмаған бөлігінде келе жатып, жарыс көруге келген адамдарды қағып кетті. Жарысты тамашалауға 100 мыңнан астам адам жиналған.

Видеода маршалдар аударылып қалған көліктің жанында сары жалауды желбіретіп, басқа жүргізушілерге жылдамдықты азайтуды ескертеді. Сол сәтте қатты жылдамдықпен келе жатқан қызыл көлік бір топ адамды қағып кетеді. 

Жергілікті биліктің мәліметінше, қаза болғандардың арасында 8 жастағы қыз бар. Зардап шеккен 21 адам жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Олардың төртеуі ауыр халде.

Шри-Ланкада жарыс көлігі көрермендерді қағып кетті

Салдарынан жеті адам қаза тапты. Көз жұмғандар арасында балалар да бар. Тағы 21 адам жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Олардың төртеуі ауыр халде.

Қайғылы оқиға Fox Hill Super Cross жарысында болған. Биыл жарысты тамашалауға 100 мыңнан астам адам жиналған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: