Бейсенбі, 09 мамыр, 02:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ақпанда қазақстандықтар 715 млрд теңгенің тұтыну кредитін алған

03.04.2023

539 0

Ақпан айында қазақстандықтар 715 млрд теңгенің тұтыну кредитін, 93 млрд теңгенің ипотекасын алған. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы секторының ақпан айындағы жай-күйіне жасаған шоулында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2023 жылғы ақпанда жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1%, яғни, 14 402 млрд теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 1,7% өскен). Бұл ретте ипотекалық қарыздар 1,1%, яғни, 4 803 млрд теңгеге дейін өсті. Тұтынушылық кредиттер 0,6% немесе 7 791 млрд теңгеге дейін ұлғайды», – деп жазылған шолуда.

Агенттік мәліметі бойынша, ақпанда жеке тұлғаларға 880 млрд теңгенің жаңа несиелері берілген. Бұл 2022 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,1% көп.

Тұтынушылық мақсаттарға 715 млрд теңге берілген, бұл 2023 жылғы қаңтармен салыстырғанда 3,7% көп. Ипотекалық қарыздар – 93 млрд теңге, 2023 жылғы қаңтардан 12,2% көп.

«2023 жылғы ақпанда банктен тыс заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 19,5% болды», – делінген құжатта.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: