Бейсенбі, 28 наурыз, 14:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталады

03.03.2023

1002 0

Сурет: pixabay

Бүгіннен бастап банкроттыққа өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бүгіннен бастап қарызы бар азаматтар банкроттыққа өтініш береді. Қаржы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, елімізде 1,1 млн борышкер өзін банкрот деп жариялай алады.

Мемлекеттік кірістер комитеті өтініш берудің бейненұсқауын жариялады. Онда электронды цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz порталынан өтініш берудің әр қадамы нақты көрсетілген.

Банкроттықтың үш рәсімі көзделген: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Сот шешімімен алиментті, басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды, сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін келтірілген шығынды өтеуге міндеттелген азаматтар банкроттық рәсімін қолдана алмайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: