Сенбі, 27 сәуiр, 22:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Энергетика министрі жұмыс сапарымен Сыр еліне келді

27.02.2023

667 0

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Жаңақорған ауданындағы табиғи уран өндірумен айналысатын «Байкен-У» серіктестігінің кен орнында болып, ондағы жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ, саланы цифрландыру мен жер қойнауын пайдалану мәселесі бойынша жиын өткізді. «Байкен – У» серіктестігі «Хорасан-2» кенішінде табиғи уранды 600-680 метр тереңдікте өндіреді. Бұл – еліміздегі ең терең кен орны. Қазір компания еңбек өнімділігін арттыруға, өндірістік шығындарды азайтуға, технологиялық процестерді жетілдіруге күш салып жатыр. Бұған қоса, сапар барысында кен орнындағы техникалық қауіпсіздік, саланы цифрландыру, жер қойнауын пайдалану мен экологиялық мәселелер жан-жақты талқыланды. Сапар соңында Энергетика вице-министрі өндірістің қоршаған ортаға әсері бақылауда болатынын тілге тиек етті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: