Жұма, 19 сәуiр, 05:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері белгілі болды

10.09.2021

2038 0

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден астам зейнетақы төленді. Ал орташа зейнетақы мөлшері 99 857 теңге болды, деп хабарлайды еңбек министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, 2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 1 триллион 236,7 миллиард теңге бағытталды.

«1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 99 857 теңгені құрады», – делінген хабарламада.

Тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 68,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыға 153,7 миллиард теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 2 миллион 235 мың зейнеткер бар.

Спутник Жаңалықтары

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: