Сейсенбі, 07 мамыр, 23:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд АҚШ долларын құрады

19.04.2023

230 0

Сурет: t.me/aqorda_resmi

Былтырдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсті. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның халықаралық резервтері 94 млрд АҚШ долларын құрады. Атап айтқанда, былтырдың басынан бері Ұлттық қордың активтері 3 млрд долларға өсіп, 58 млрд долларға жетті», – деді Ә. Смсайылов.

Премьер-Министр халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның инвестициялық рейтингін сенімділік деңгейінде растағанын, ал Standard&Poor’s агенттігі биылғы наурыз айында экономикамызға қатысты өз болжамын жақсартқанын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: