Бейсенбі, 18 шiлде, 13:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№56-2066
16.07.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда облысының әкімдігі мен Оңтүстік Корея компаниясы меморандумға қол қойды

12.06.2024

789 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Астана қаласында өткен «Қазақстан-Корея» бизнес форумына қатысты. Жұмыс сапары кезінде Қызылорда облысының әкімдігі мен Корея Республикасының «With you E&C» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан және Корея республикалары арасындағы ынтымақтастық 1992 жылы 28 қаңтарда орнатылып, 32 жыл бойы тұрақты байланыс пен сауда-экономикалық қатынас қарқынды дамып келеді.
Бұл келісімнің беки түсуіне Сыр өңірінің де қосқан үлесі елеулі. Соңғы 5 жылда Қызылорда облысы мен Корея Республикасы арасындағы сыртқы тауар айналымы 8 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 4 мың АҚШ долл., импорт – 7,6 млн. АҚШ долларын құрады. Негізгі импорт жеңіл автокөліктер мен көлік құралдары, ал экспортқа тұз өнімі шығарылуда.
Бүгінгі бизнес форумда Қызылорда облысына инвестиция салу мүмкіндігі қарастырылып, «Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықты кәдеге жарататын, сұрыптайтын және қайта өңдейтін зауыт салу» жобасын іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды. Жоспарланған инвестиция көлемі – 18 млн АҚШ доллар. Жобаның іске асырылу уақыты 18 ай. Кәсіпорында 8 сағаттық ауысымда 160 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жоба тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды көздейді. Атап өту қажет, жоба 2 кезеңмен іске асырылады, 2-ші кезеңіне де 18 млн АҚШ долл. көлемінде инвестиция салынады. Жалпы алғанда жобаға 36 млн. АҚШ долл. жұмсалады.
«Қазақстан-Корея» бизнес форумы аясында Қорқыт Ата және СеулТех университеттері қос дипломды бағдарлама бойынша меморандумға қол қойылды. Еске салайық, өткен жылы Сеул Ұлттық ғылыми-техникалық университетімен білім және ғылым саласында тиімді байланыс орнатылып, 6 қарашада Қорқыт Ата университетінің базасында жасанды интеллект және информатика жоғарғы мектебі ашылды.
Екі ел Президенттері арасындағы келісімге сәйкес 2021 жылғы тамыз айында корей генералы Хон Бом Доның сүйегі тарихи отанына қайтарылды. Сыр елі еңбеккерлерінің шежіресіне көз жүгіртсек, корей этносының 29 өкілі Социалистік Еңбек ері атанған. Хон Бом До, Ге Бон У, Цай Ден Хак, Ким Ман Сам сынды корей диаспорасының өкілдері жемісті қызмет атқарған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: