Сенбі, 07 желтоқсан, 22:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлік саласы жаңалыққа толы

18.01.2023

1087 0

Соңғы жылдары Сы өңірінде шағын және орта кәсіпке басымдық беріліп, қолдау күшейтіліп келеді. Мәселен, өткен жылы шағын және орта кәсіпкерлердің саны 71823 бірлікке жетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков мәлімдеді.

– Қызылорда облысы кәсіпкерлер санының өсу қарқыны бойынша алғашқы бестікке енді. 2022 жылдың 9 айының қорытындысымен 116 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Осы кезеңде 459 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Сондай-ақ өткен жылы 3443 кәсіпкерлік бастама гранттармен қаржыландырылып, 2436 жоба банктер мен қаржы институттары арқылы несиелендірілді, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Брифингк барысында сала басшысы биыл жастарға жылдық өсімі 2,5% болатын шағын несиелер берілетінін жеткізді. Бұған қоса, ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында облысқа 3 млрд теңге бөлінген. Қаражат облыста жүргізілген скрининг нәтижелерімен айқындалған 28 пилоттық ауылдық округтер бойынша бағытталады.

Сыр өңірінде өткен жылы өңдеу өнеркәсібі 5,6 пайызға өсіп, өнім көлемі 241,7 млрд.теңгені құрады. Анығын айтсақ, көрсеткіштің өсіміне тамақ өнеркәсібінде «Аралтұз», «РЗА», «Мағжан и К», «Углесбыт», «Қызылдихан», «Ақжарма» жеңіл өнеркәсіпте «Өркен әлем», «Далатекс» серіктестіктерінің, құрылыс индустриясындағы цемент зауыты, «МИР-2001», «LCI-MK» және «Кемикал» құбыр зауытында өнім көлемінің артуы және шыны зауытының өнім шығаруы әсер еткен.

Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібін дамытудағы басты жаңалық – шыны зауытының іске қосылып, қазан айынан бастап өнім өндіруі. Өткен жылы барлығы 32 мың тоннаға жуық шыны өндіріп, Астана, Алматы, Шымкент қалаларына жіберілді. Алдағы уақытта өнімді Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғыстанға экспортқа шығару жоспарлануда.

– Зауытты іске қосу арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың белдеуін дамытып, 8 ілеспе кәсіпорын құруға жұмыс жүргізіледі. Шыны зауытының тағы бір артықшылығы – индустриялық аймақты дамытуға да серпін береді. Бұған қоса, индустрияландыру бағдарламасы аясында биылғы жылы құны 1 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды. Жалпы алғанда, Бірыңғай индустрияландыру картасы аясында облыста құны 613 млрд.теңгені құрайтын 6,8 мың жұмыс орнын құруға бағытталған 37 жоба жүзеге асырылуда. Ал 2010-2021 жылдар аралығында іске қосылған индустриялық жобалармен есепті кезеңде 49 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 25 пайызды құрады, – деді Қамбарбек Амангелдіұлы.

Айта кетейік, өңдеу өнеркәсібі саласында 40-қа жуық кәсіпорын өнімін экспортқа шығарады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: