Құрылтай

Бейсенбі, 09 шiлде, 10:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51 (2263)
09.07.2026
PDF мұрағаты

Ұлттық банк парламенттің 30 жылдығына арналған күміс монетаны сатуға шығарды

09.07.2026

49 0

Фото: Ұлттық банк

Ұлттық банк Қазақстан парламентіне 30 жыл коллекциялық күміс монетасын 10 шілдеде интернет-дүкенде сата бастайтынын жариялады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Монетаның өзі күмістен дайындалғанымен, оның бетіне алтын жалатылған. Массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм. Дайындау сапасы – proof.

Номиналы – 1000 теңгелік монета 1 мың данамен таралады.

2026 жылы Қазақстан парламентіне 30 жыл толды. Ол заң шығару функцияларын жүзеге асыратын елдің ең жоғары өкілді органы.

Монетаның реверсінде Сенат пен Мәжіліс ғимараттары бейнеленген. Монетаның бейнесінде мәжіліс залының орталығынан көрініс беретін едендегі ою-өрнек композициясының элементі пайдаланылды. Монетаның төменгі бөлігінде Парламенттің құрылған жылы және мерейтой датасының жылы бейнеленген.

Бұған дейін Ұлттық банк Ермек Серкебаев құрметіне монета шығараған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: