Сәрсенбі, 24 сәуiр, 02:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ұн 44,3 пайызға қымбаттады

12.11.2022

1440 0

Қазақстанда ұнның бөлшек саудадағы бағасы жыл ішінде бірден 45 пайызға қымбаттады. «Еnergyprom.kz» мәліметінше, қаңтар мен қыркүйек аралығында еліміздің диқандары 2,3 млн тонна ұн өндірген.

Ел қамбасын Қостанай облысы 784,1 мың тонна ұн­мен қамтамасыз етіп, ең көп өнім өндірген өңір атанды. Содан кейін 243,7 мың тон­намен Солтүстік Қазақстан облысы тұрса, Шымкент қала­сына 197,6 мың тонна тие­сілі. Нәтижесінде елдегі ұн тартатын кәсіпорындар ішкі нарықты өніммен толықтай қамтамасыз етуде.

Айта кетерлігі, биыл қаң­тар-тамыз аралығында ұн экспорты 28,3 пайызға артып, 1,1 млн тоннаға жеткен. Алайда ішкі нарықта ұн сату көрсеткі­ші 838,8 мың тоннаға дейін қысқарған. Сонымен қатар 2021 жылмен салыстырғанда биыл тұтынушыларға арналған ұнның бағасы жыл басынан бері 41,3 пайызға және 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда 44,3 пайызға қымбаттады.

Қазан айында жоғары сұ­рыпты бидай ұнының бөлшек саудадағы бағасы 1 келісі үшін 369 теңгені, бірінші сұрыпты ұн 245 теңгені құрап отыр. Қалалар арасында жоғары сұрыпты бидай ұнының ең қымбат бағасы Астанада, 1 ке­лісі 447 теңге. Ақтауда − 411 теңге, Шымкентте − 406 теңге. Ал арзан қала тізімінде Ақтөбе (келісі 279 теңге), Павлодар (292 теңге), Жезқазған және Семей (296 теңге) көш бастап тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: