Жұма, 29 наурыз, 20:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Жастарға арналған 2,5 проценттік несиені қалай алуға болады

23.01.2023

895 0

Сурет: Sputnik Қазақстан 

Қазақстанда жастарға жеңілдікпен микрокредит беру ережесі бекітілді. Оған сәйкес, заң бойынша жастар санатына кіретін азаматтар өз кәсібін ашуға 2,5 проценттік кредит ала алады. Sputnik Қазақстан бұл бастаманың негізгі талаптарын жариялайды.

5 миллионға дейін беріледі

Қазақстанда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы іске қосылған. Соның аясында биылдан бастап жастарға жеңілдікпен микрокредит беру шаралары басталады.Микрокредит кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде беріледі.Жеңілдетілген кредиттің шарттары:номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%;қарыздың ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге (ол үшін кепілдік қою керек);мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы саласы болса, 7 жыл.Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі қарастырылған. Ол кредит берілген мерзімнің үштен бірінен аспауы шарт. Ал мүмкіндігі шектеулі азаматтарға кредит өтеусіз беріледі.

Кредит қандай жобаларға беріледі

Жақында еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жастарға арналған кредитке қандай кәсіп ашуға болатынын айтты.»Ондай кредиттер жұмыс істейтін, істемейтін және оқитын жастарға беріледі. Ешқандай шектеу болмайды. Былтыр жергілікті атқарушы органдар жақсы тәжірибе өткізді. Алдымен конкурс ұйымдастырылады. Әрбір адам өзінің бизнес-жоспарын таныстырады. Қолдау тапса, ақша бөлінеді», – деді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.Оның сөзіне қарағанда, кредит нақты бір салаға арналмаған. Оны алғысы келетін адам кез келген бизнес аша алады. Басты талап – сұраныстың болуы.»Мысалы, Қызылорда облысының Шиелі ауданында болдым. Ол жақта бір қыз жұмыс істейтін адамдар жартылай фабрикаттарды көп алатынын көріп, сондай тауар шығаруға ұсыныс жасады. Қазір торт та, тұшпара да шығарып сатады. Бас кезінде екі адамы болды, артынан тағы төрт жұмысшы қосылды. Ал Ұлытау облысында жас жігіттер көшпелі кинотеатр ұйымдастырды. Оған да кредит бөлінді», – деп атап өтті Дүйсенова.

2,5 проценттік кредит қашан беріледі

Микрокредит «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдармен кредиттік шарттар жасалып жатыр. Сондай-ақ бизнес-жобаларды қарайтын өңірлік комиссиялар болады.Министрліктің баспасөз қызметі микрокредитке өтінім қабылдау уақыты мен өтініш беретін кеңселердің мекенжайы туралы қосымша ақпарат таратады.Айта кетері, осы бастаманы іске асыруға бюджеттен 28 миллиард теңге бөлінді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: