Жұма, 17 мамыр, 10:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

72 Компания Қазақстанға Ресейден көшіп келмек

20.07.2023

318 0

Ресейден Қазақстанға тағы 72 компания қоныс аударғалы жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Қазақстанға қоныс аударғалы отырған компаниялардың тізімі жасалды. Біз соңғы рет қысқартқанымызда 72 компания болды», – деді Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев.

Оның айтуынша, тізімде алдымен көшуге шешім қабылдаған компаниялар бар. Бірақ олар орналасатын жер іздеп жатыр.

«Көпшілік шекаралас аймақтар – Қостанай облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы және Алматы облысына келуді жоспарлап отыр. Ұсынысымызға 72 компания оң жауабын берді. 29 компания көшіп келді. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеретін болады», – деді Зебешев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: