Жұма, 29 наурыз, 18:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Әсемдікке жаны құмар Шұғыла

05.06.2021

1379 0

Мемлекет қолдауы кәсіпкерлік саласына серпін беруде. Осы ретте 2017 жыл­дан бастап жүзеге асырған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіп­керлікті дамыту» бағыты бойынша «Еңбек» бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Оның басты мақсаты – еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін дамытуға бағытталған. Бағдарлама аясында қайтарымсыз грантқа ие болғандардың қатарында Шұғыла Рахметова да бар.

Ізденімпаз Шұғыла Рахметова сән мен сұлу­лық әлеміне аяқ басуды жөн санапты. Біз тіл­ге тиек етіп отырған кейіп­керіміз Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­верситетінің «Графикалық дизайн» мамандығын тә­мәмдаған. Өзінің маман­дығы бойынша үздік оқы­­ған кейіпкеріміздің ішкі сезімі осы сұлулық сала­сын қалапты.

– Заман дамыған сайын сұлулық саласының да түр­лі технологиялары шығуда. Соған сәйкес сұлулыққа жаны құмар бикештердің әрлеуші мамандарға деген сұра­нысы артып келе­тінін байқадым. Өт­кен жылы таныстары­мнан мем­лекеттік бағ­дар­ла­ма арқылы кәсібін ашып жатқанын ес­ті­дім. Қазір барлық мүмкіндік бар ғой. Мем­лекеттік грант жайлы  3 балалы болған уақытымда іздене бастадым. Кейін­нен ғаламтор ар­қылы менің салама қатысты көмектердің бар­лығын іздеп, сарапқа салдым, – дейді Шұғыла бізбен әңгімесінде.

Алдымен ол іскерлік әлемнің қыр-сы­рына қанығу үшін қазіргі жағдайға байланысты 21 күндік онлайн курстан өткен. Уақыт өте келе жұмыспен қамту орталығы хабарласып, сол арқылы биз­нес-жоспарын сәтті қорғап, 585 мың теңге көлеміндегі  қайтарымсыз грант­қа ие болған. Сол арқылы сұлулық сало­ны­ның керекті құрал-жабдықтарын ал­ған. Қазіргі таңда кәсібі  дөңгелеген  Шұғыла Сағладинқызы «Мерей» шағын ауданындағы «Богиня» сұлулық салонында жұмыс істеуде. Оның  келешекке деген жоспары көп және бір орында тоқтап қал­май,  жаңа жұмыс орындарын ашып,  мем­лекеттің өркендеуіне өз үлесін қосқысы келетінін де жасырмады.

Мемлекеттік бағдарламаның шарты бойын­­ша қайтарымсыз гранттар көпбалалы, жағдайы төмен отбасылар мен жас кәсіп­керлерге беріледі. Бұл олардың тұрмысын түзетіп алуға жасалған оңтайлы жағдай.  «Кәсіп түбі – нәсіп» деп дана халқымыз бекер айтпаса керек-ті. Арманға деген ұмтылыс болса, мемлекеттік бағдарлама кез келген кәсіптің иесі атануға жол ашады.

Аружан СЕЙДУЛЛА,
Қорқыт ата атындағы
Қызылорда университетінің
ІІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: