Бейсенбі, 28 наурыз, 13:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

«ASHYQ» жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

26.05.2021

1338 0

Әйтеке би кентінде орналасқан қоғамдық тамақтану орындарына аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі пилоттық режимде енгізіліп отырған «Ashyq» мобильді қосымшасын түсіндірді.

Бүгінде пилоттық режимде енгізіліп отырған «Ashyq» мобильді қосымшасы QR-код арқылы және Денсаулық сақтау министрлігінің ортақ базасымен интеграциялау арқылы келушінің мәртебесін, оның вирус тасымалдаушысы емес екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ нысандардың келушілерді қабылдауға әзірлігін және олардың санитарлық талаптарға сәйкестігін көрсетеді. QR-код тек бизнес субьектілеріне беріледі. Пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлер өздерінің QR-кодын алуға өтінімді InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы береді. Жобаның талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін Жеке кабинетте бір апта бойы оқуға және тестілік режимде жұмыс істеуге мумкіндік беретін код пайда болады.

Аталған жобаның өңірдегі үйлестірушісі – «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы. Келуші «Ashyq» мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациялаудан өтуі (ЖСН енгізуі) және мекеменің QR-кодын сканерлеуі қажет. QR-код сканерленгеннен кейін мобильді қосымшада келушінің статусы түрлі-түсті форматта жанады. Ол бойынша келушінің коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны немесе жұқтырғаны көрінеді. «Қызыл түс» – адам вирус жұқтырған деген сөз. «Сары түс» келушінің науқаспен байланыста болғанын, ал «Көк түс» жүріп-тұруына шектеу жоқ екендігін, «Жасыл түс» ПТР тест тапсырып, нәтижесі теріс болып шыққан адамдар үшін жанады. Ғимаратқа QR-код арқылы кіру карантин кезінде еркін жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: