Бейсенбі, 09 мамыр, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Бес жылда 65 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

24.01.2024

308 0

Сурет: өңірлік коммуникациялар қызметі

Сыр өңіріндегі шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында ауқымды жобалар қолға алынды. Бұл туралы aqmeshit-aptalygy.kz ақпарат агенттігі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілмете жасап хабарлайды.

Биыл өнеркәсіп өндірісі көлемін 101 пайызға, өңдеу өнеркәсібін 107 пайызға, сауда айналымын 104,5 пайызға, шағын және орта кәсіпкерліктің экономикадағы үлесін 23 пайызға жеткізу межеленіп отыр. Сондай-ақ, облыстың негізгі капиталына 517,5 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхамед Әбсаттаров хабарлады.

– Облыста кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы айтарлықтай жанданып келеді. Мәселен, былтыр кәсібін тұрақты жүргізіп отырған кәсіпкерлер саны 67 180 бірлікті құрап, осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 125 мың адамға жетті. Нәтижесінде, аталмыш саладағы өсім көрсеткіші 7,6 пайызды құрады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік саласында 540,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, бизнестің жалпы өңірлік үлесі 17,7 пайызды құрады. Өткен жылы аймақта мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 33,5 пайызға, сауда 4,7 пайызға, негізгі капиталға тартылған инвестиция 14,2 пайызға артты. Жалпы, индустрияландыру шараларының нәтижесінде өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бойынша біздің облыс республикада 1-ші орында, – деді басқарма басшысы.

Өткен жылы облыста кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында 15 жоба жүзеге асырылды. Ал алдағы бесжылдықта өңірде 65 жоба іске асырылады деп жоспарлануда. Аймаққа инвестиция тарту бойынша Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Корея, Қытай мемлекеттерімен келісім нәтижесінде 3 инвестициялық жоба қолға алынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: