Бейсенбі, 09 мамыр, 15:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкерлерге арналған электронды дүкеннің қызметі түсіндірілді

24.03.2024

47 0


Бүгінде елімізде онлайн қызметтерге сұраныс артқан. Осыған байланысты бірқатар кәсіпкерлер сату арналарының бірі ретінде – интернет-дүкендерді таңдағанды жөн көреді. Мұның себебі де жоқ емес. Бұл қазіргі таңда азаматтардың сауда жасауына ыңғайлы әрі тиімді екенін дәлелдеп отыр.
Осы орайда, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті кәсіпкерлерге «OMarket.kz» электронды дүкенінің қызметтерін түсіндіру жұмыстары қолға алынды. Бұл ретте қала кәсіпкерлеріне 26 наурыз бен 27 наурыз аралығында арнайы оқу-семинары өткізілді.
Семинар барысында «Nyssa» ЖШС-нің сарапшылары қатысушы кәсіпкерлерге электронды дүкенді қолдану жолдарын, оның тиімділігін айтып берді. Сонымен қатар, платформаға тіркелу жолдары, сауда жасау, тапсырысты рәсімдеу барысы да түсіндірілді.
Мамандар аталған платформаның бірнеше пайдалы тұстарын ерекше атап өтті. Әсіресе, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайландыра отырып, жеткізушілер мен тапсырыс берушілер арасында сенімді әрі уақытты үнемдей отырып қажетті тауарды сатып алуға мүмкіндік беретінін айтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: