Сәрсенбі, 06 қараша, 19:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 52 кәсіпкерлік нысан «Ashyq» жобасына енді

06.05.2021

1030 0

Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов айтты.

          Палата директоры «Ashyq» жобасы арқылы жұмысын жүргізуге ниетті кәсіпкерлер қатарының артып келе жатқандығын жеткізді.

          «5 мамырдағы ақпарат бойынша облыс көлемінде 52 кәсіпкерлік нысан QR код алған. Олардың 26-сы тесттік режимнен сәтті өткен, қалған 25-і жұмысын тесттік режимде жүргізуде. Аталмыш нысандардың ішінде басымдық қоғамдық тамақтану саласында, 34-і «Ashyq»-қа енді», – дейді Ғалымбек Жақсылықов.

          Мұнан өзге, 8 компьютерлік клуб, 2 бассейн, 2 кинотеатр, 2 спа-орталығы, 2 бильярд, 1 боулинг және 1 сауна да «Ashyq» жобасы аясында жұмыс жасау жөнінде шешім қабылдапты.

«Ashyq» әсіресе қоғамдық тамақтану саласындағы кәсіпкерлер үшін тиімділігін көрсетті. Біздің өңір «қызыл аймақта» болғандықтан бұл саладағы кәсіпкерлердің жұмысы сағат 20.00-ге дейін шектелген еді. Жобаға енген нысандар бүгінде «сары аймаққа» тән талаппен, сағат 24.00-ге дейін жұмыс жасауда», – деді Палата диркторы.

Палата басшысы «Ashyq» жобасына енген кәсіпкерлердің бірқатар артықшылықтармен жұмыс жасайтындығын, жалпы жобаның жұмыс жасау механизмін түсіндіру мақсатында қалалық және облыстық мониторингтік топ мүшелері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілгендігі жөнінде хабардар етті.  

«Ashyq» жобасына қатысты сауалдар туындаған жағдайда Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары кеңес беріп, сүйемелдеу жасауға әзір. Жауапты маман Палатаның сарапшысы Гүлнұр Құрмантаева. Байланыс нөмірлері: 8 /7242/ 40-09-81 (ішкі 4324), ‎+7 771 479 7582.

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: