Жұма, 03 мамыр, 10:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

«Мен кәсіпкер» жобасына қатысуға шақырамыз

24.04.2023

471 0

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарынан өтінімдер және оқыту топтарына қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

«Мен кәсіпкер» құралы бойынша оқыту екі бағытта жүзеге асырылады:

– «Кәсіпке бағыт» ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыру мақсатында құзыреттіліктерге оқыту мен салалық (бейіндік) оқытуды қамтиды;

– «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары» бағыты бойынша оқыту кәсіптік және бизнес-оқытуды, дәстүрлі қолөнер түрлеріне оқытуды, әлеуметтік кәсіпкерлікке оқытуды және кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдер үшін қаржыландыру (краудинвестинг, Инвестициялар, гранттар, лизинг) тартуға үйретуді қамтиды.

«Мен кәсіпкер» құралы бойынша оқыту тегін ұйымдастырылады.

Оқуды аяқтағаннан кейін одан өткені туралы сертификат беріледі.

Өтінімдер сенбі және жексенбіден басқа жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Өтінім үлгісін, сондай-ақ қатысу шарттары бойынша консультацияларды Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңесшілерден мына мекенжай бойынша алуға болады: Қызылорда қ., Қорқыт ата к-сі, 123.

Жауапты: Алушаева Әсел Ғайдуллақызы – Палатаның кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы. Байланыс тел.: +7(7242) 400981 (ішкі 4319).

Қызылорда облысы

кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: